Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Әйелінен жалыққан америкалық түрмеде демалу үшін банк тонаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Канзас штатында 70 жастағы ер адам банкке қаруымен келген, деп жазады шетелдік БАҚ.

Әйелінен жалыққан америкалық түрмеде демалу үшін банк тонаған

Лоуренс Джон Риппл кассирге келіп кассадағы барлық ақшаны беруді талап еткен. Банк қызметкері сол мезетте-ақ құқыққорғау органдарын шақырады.

Оқиға орнына келген полицияға ол бұндай қадамға ақша үшін емес, әйелі үшін барғанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, ол түрмеде әйелінен демалмақ болған.

Әзірге ер адам сот шешімін күтуде. Америкалық БАҚ хабарлауынша, ер адамның «арманы» орындалып, ол жазасын түрмеде өтейтін болады.