Алты жылға сотталған Сәкен Мамаш дипломат дәрежесінен айырылды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-дипломат Сәкен Мамашқа үкім шықты.

Суд по делу экс-дипломата Сакена Мамаша
Фото: Kazinform

- Қылмыстық кодекстің 49-бабына сәйкес, Сәкен Мамаш 1-сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесінен айырылды, - деді судья Артур Абдыханов үкімді оқи тұрып.

Үкімде айтылғандай, жәбірленуші тарап С.Мамашты 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Сондай-ақ сотталушы кінәсін мойындамады. Осы орайда қорғаушы тарап қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.

Алайда сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куә, айғақтарымен, сараптамалық қорытынды, бейнежазбалар, скриншот және өзге де іс материалдарымен дәлелденді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, экс-дипломат Сәкен Мамаш 6 жылға сотталды. 

Еске сала кетсек, былтыр мамырда Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйеліне үнемі күш көрсеткені, тіпті жұбайының әпкесіне де қол көтергені туралы хабарлаған едік.

Артынша әйелін ұрды деп айыпталған қазақстандық дипломатқа қылмыстық іс қозғалды. 

Сондай-ақ елші кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш дағдарыс орталығына орналастырылды. 

Кейін әйелін ұрған экс-дипломатқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. 

Биыл 21 мамырда әйелін үнемі ұрып келген экс-дипломат Сәкен Мамаштың ісі сотқа жіберілді. 

Ал 10 маусымда Астанада экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот отырысы басталды. 

Айта кетейік, экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот отырысы жабық өтті. 

Соңғы жаңалықтар