Қазақстандық дипломат әйелін 10 жыл бойы ұрып келген

әйел
Коллаж: видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық дипломаттың әйелі күйеуінің үнемі ұрып-соғатынына шағымданды. Он жыл бойы зорлық-зомбылыққа төзіп келген ол ақыры әлеуметтік желіде бар шындығын жайып салды.

Белгілі болғандай, Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлы әйеліне үнемі күш көрсетіп, тіпті кеше, яғни 5 мамырда жұбайының әпкесіне де қол көтерген.

«Мен Мамаш Карина Госманқызы, БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлының жұбайымын. Мен 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келе жатқанымды мәлімдеймін. Маған физикалық, жыныстық, эмоционалдық, тұрмыстық зорлық көрсеті. Күйеуімнің маған жасаған барлық қиянаты үшін дипломатиялық мәртебесінен айырып, түрмеге жабылғанын қалаймын», - дейді Карина Мамаш.

ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарласқанымызда, бұл жағдайдан хабардар екенін жеткізді.

«Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл қайтарып жатырмыз. Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр.

Соңғы жаңалықтар