Айфонды тауып беретін қызметтің қателігі АҚШ-та ерлі-зайыптыларды әбігерге салуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атланта штатының тұрғындары Кристина Ли мен Майкл Сабтың үйіне Айфон смартфонын жоғалтқандар жиі келеді. Өйткені жоғалған смартфонды тауып беретін электронды қызмет телефон осы мекенжайда деп көрсетеді.
Ерлі-зайыптыларды айыптаушылар тіпті осы үйге полиция шақыртқан. Тәртіп сақшыларына үй иелері өздерінің айыпты емес екендіктерін айтып ақталады.
Бір жолы жоғалып кеткен бойжеткенді іздегендер оның ұялы телефоны бойынша осы мекенжайға келген. Полиция үйді тінтіп, иелерінен бірнеше сағат жауап алыпты.
Оқиғаның былайша өрбуін ұялы байланыс операторы да, Skyhook геолокациялық деректер провайдері де түсіндіріп бере алмаған.
Ерлі-зайыптылар Федеральдық байланыс қызметінің үстінен шағым түсіріп, өз аймақтары бойынша сайланған сенатордан көмек сұрамақшы.