Айға қонған алғашқы адам - Нил Армстронг дүниеден өтті
АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - АҚШ-та 1969 жылғы 20 шілдедегі экспедиция барысында Ай бетіне алғашқы табаны тиген адам - Нил Армстронг дүниеден өтті.
Бұл туралы РБК агенттігі хабарлайды.
Н.Армстронгінің өлімінің себебі үш апта бұрын жүрекке жасалған операцияның қабынуы салдарынан болы, деп хабарлады американдық NBC телеарнасы.
Н.Армстронг 1930 жылы Огайо штатының Уапаконет қаласында дүниеге келген. Ол жоғарғы сыныптарда оқып жүрген кезінде-ақ қалалық авиамектепке барып жүрген. Ол ұшқыш-курсанттың алғашқы лицензиясын мектепті бітірмей жатып-ақ алған.
1947 жылы Пердью университетіне түсіп, авиация өнркәсібін оқып-үйрене бастады. Оқу ақысын мемлекет төледі, оның есесіне Н.Армстронг армияда үш жыл қызмет етуге тиіс болды. Қызметі Кореядағы соғыспен тұспа-тұс келді. Болашақ астронавт 1950 жылдан бастап Grumman F9F Panther жоюшы-ұшағымен 78 әскери ұшулар жасады. Авиациялық медальға және екі рет алтын медальға ие болды.
50-жылдардың соңында 60-жылдардың басында эксперименттік ракетопландардың сынақшысы болды. 1962 жылы 250 үміткердің арасынан суырылып шығып, НАСА ғарышкерлерінің 2-тобына қабылданып, ғарышқа ұшуға әзірлігін бастады.
1966 жылы "Джемини-8" ғарыш кемесімен ұшуға қатысты. 1969 жылы Айға ұшуды жүзеге асырған «Аполлон-11» командирі болып тағайындалды. 20 шілдеде Ай бетіне табаны тиген алғашқы адам болды.
Оның «Адамның кішкентай ғана қадамы - бүкіл адамзат үшін үлкен секіріс» деген сөзі қанатты мәтелге айнлды. Н.Амстронг өзінің әріптесі Эдвин Одинмен бірге Айда 2,5 сағат болды Осы ұшу сапары үшін Н.Армстронг НАСА-ның «Аса көрнекті сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталып, Президенттік Бостандық медаліне ие болды.