Әйгерім Сопыбекова - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2013 жылғы аруы

АЛМАТЫ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2013 жылғы ең үздік аруының есімі белгілі болды.
None
None

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Университет аруы-2013» байқауында қазылар алқасының шешімімен педагогика және психология факультетінің 1-ші курс студенті Әйгерім Сопыбекова жеңімпаз атанды. 1-ші орынды - жаратылыстану факультетінің 1-ші курс студенті Меруерт Нұрғабылова, 2-ші орынды - қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 2-ші курс студенті Жұлдызай Әбдіманапова, 3-ші орынды - физика және математика факультетінің 2-ші курс студенті Ұлжан Салғараева жеңіп алды. Ал әлеуметтік-гуманитарлық факультеттің 1-ші курс студенті Әлия Ауытова «Өнерлі ару» деп танылды. Жеңімпаздардың барлығына гүлшоқтары тапсырылып, дипломдармен, ақшалай жүлделермен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Оқу ордамыздың қызғалдақтай қыздары - ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, салиқалы әже болары табиғи заңдылық. Батырлық пен қайраттылықты өн бойына қатар жинап, биязылығымен өзін бағалата білер қазақ қызының таза да тұнық болмысы - тектілігіміздің айнасы. Сондықтан асыл аруларымызды танып, білу әрі насихаттау тәрбиелік мәні зор құндылық», - дейді университеттің әлеуметтік мәселелер және тәрбие істері жөніндегі проректоры Зәуреш Сабырова.

Соңғы жаңалықтар