Айгерім Алтынбек Италияда өткен опера әншілері арасындағы халықаралық байқауда топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазақконцерт» солисті Айгерім Алтынбек Италияда өткен опера әншілері арасындағы халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

 Айгерім Алтынбек Италияда өткен опера әншілері арасындағы халықаралық байқауда топ жарды
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға әлемнің әр түкпірінен, соның ішінде Қазақстан, Жапония, Қытай, Корея, Ресей және Ираннан 70 өнерпаз қатысты.

Марапаттау рәсімі Аркоредегі беделді Борромео вилласында өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген Дубайда беделді сыйлықтың лауреаты атанғанын жазған болатынбыз. 

 

Соңғы жаңалықтар