Әйгілі әнші София Ротаруға 70 жасқа толған шағында жас жігіт сөз салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйгілі эстрада жұлдызы София Ротару 70 жасқа толған туған күнін атап өтіп жатқанда оған жас жігіт сөз салды. Бұл туралы бүгін ресейлік uznayvse.ru сайты жазды.
Аталмыш ақпарат құралы таратқан мәліметтерге қарағанда, өзінің 70 жасқа толған мерейтойын әнші Сардиния аралдарында ең жақын деген адамдарының ортасында ғана атап өтпек болған. Осы күні әншінің жақындары мен туыстары оған көп мақтау сөздер мен әдемі тілектерін арнады. Ал, өзін туған күнімен құттықтаған жап-жас жігіттен әнші таңқаларлықтай ешқандай әрекет күтпеген еді.
Суретте Александар Попов
Белгілі болғанындай оған көңілі түскен жігіт, кезінде «Турбомода» тобының құрамында өнер көрсеткен 37 жасар музакант Александр Попов екен. Ол өзінің Софияға бұрыннан ғашық екенін және өзіне ересек әйелдердің ұнайтынын ашық айтқан. Сонымен қатар ол Софиямен екеуінің арасындағы 33 жас айырмашылығына мүлдем қымсынбайтынын жеткізген.
Uznayvse.ru сайтының хабарлауынша, София Ротару кезінде украиналық музыкант Анатолий Евдокименкомен некеге тұрған және одан ұлды болған. 2002 жылы Анатлоий қайтыс болып кеткен, ал София болса осы оқиғадан кейін отбасын құруға талпынбаған. Өйткені оған ерінің қазасы өте ауыр тиген.
Ал, Поповтың өзіне тұрмысқа шығу жөніндегі ұсынысына әзірге София Ротару ешқандай жауап берген жоқ.