Әйгілі «Досмұқасан» тобының құрылғанына биыл 50 жыл толды

1967 жылдың 1 тамызында Павлодар облысының Баянауыл ауылында «Досмұқасан» тобының алғашқы концерті өтті.
«1969 жылы «Досмұқасан» қаланың ерікті түрде құрылған жетекші ұжымдарының телевизиялық байқауында бірінші орынды жеңіп алып, қалалық комитеттің сыйлығына ие болды. Осы жылдың жаз айында ансамбль Будапешт радиосының Дунай жағалауында интернационал жастар арасында ұйымдастырған халықаралық деңгейдегі ән байқауында жеңімпаз атанды. Ансамбль әртістері араб, үндістан, болгар, чех, ағылшын және поляк студенттерімен бірге бақ сынасып, Венгрияның «Алтын гитаралар» эстрадалық әндер байқауында Халықаралық байқаудың лауреаты атағын жеңіп алды»,-деп жазды танымал топтың әншілері.
Әртістердің айтуынша, бұл ансамбльдің шетелдегі алғашқы гастрөлдері болатын. Шындап келгенде Венгрияға сапарды таза музыкалық бағыттағы деп айту қиын еді.
«Достас мемлекетке топ мүшелері халықаралық құрылыс отрядтарының қатарында аттанып, сонымен бірге олар жергілікті халыққа өз өнерлерін де паш етті»,-деп жастық шақтарын еске алады әртістер.
Осы оқиғалардан соң жарты ғасыр өткеннен кейін де ансамбль мүшелері өнерсүйер қауымды өздерінің әсем әндерімен тәнті еткен. Олардың әндерін бүгінде ересектер де жастар да асқан сүйіспеншілікпен тыңдайды.
Осыдан 50 жыл бұрын, 1967 жылдың 1 тамызында Баянауылда «Дос-Мұқасан» ансамблінің музыканттары өздерінің алғашқы концертін қойды. @ztb_kz