Әйгілі эстрада әншісі сахнамен қош айтыспақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік әйгілі эстрада әншісі Эдита Пьеха алдағы екі жыл ішінде шоу-бизнестен кететінін мәлім етті. Бұл туралы ол өзінің туған күніне орай Санкт-Петерборда ұйымдастырылған концерт барысында айтты.
Әншінің айтуынша, оның сыр берген денсаулығы бұрынғыдай белсенді өмір сүруге кедергі келтіруде, деп жазады шетелдік БАҚ. «Арқам қатты ауырады, дәрігерлер әзірге оны емдей алмай отыр», - дейді әншінің өзі. Пьеханың қызының айтуынша, анасы осы концертінің алдында бұл сахнаға соңғы рет шығуы екенін бірнеше рет ескерте берген.