Әйгілі футболшы Паоло Мальдини Алматылық балалардың шеберліктерін шыңдады

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Әлемдік футболдың ең үздік деген қорғаушыларының бірі, Италия құрамасының бұрынғы капитаны Алматыға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әйгілі футболшы Паоло Мальдини Алматылық балалардың шеберліктерін шыңдады

«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Паоло Мальдини Қазақстанға сапары барысында клубтың академиясында болып, оның тәрбиеленушілерімен кездесті.

Видео опубликовано ФК Кайрат (@f.c.kairat) Ноя 18 2016 в 8:34 PST

Ол өзінің футболдағы карьерасында аргентиналық Марадона мен Роналдомен ойынның өте қиын болғандығын мойындады. Бұдан соң италия өкілі алматылық клубтың ресми дүкеніне бас сұғып, онда өзінің тілектерін қалдырып, «Әлемдік футболдың аңыздары» атты көрменің экспонаттарына баға берді.

Айта кетейік, бүгін «Қайрат» футбол камандасы орталық стадионды Қазақстан Кубогының финалында елордалық командаға қарсы матч өткізді.

Видео опубликовано ФК Кайрат (@f.c.kairat) Ноя 19 2016 в 12:35 PST