Әйгілі футболшы Йохан Кройф өмірден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «FIFA TOP-100» тұжырымдамасы бойынша ХХ ғасырдағы ең үздік футболшылар тізімінде Пеледен кейін екінші орын алған Нидерланды спортының жарқын жұлдызы Йохан Кройф 68 жасында өмірден өтті.

Әйгілі футболшы Йохан Кройф өмірден өтті

Соңғы жылдары Й. Кройф қатерлі ісікпен күресіп келген еді. 1970 жылдары Йохан Кройф үш мәрте Еуропаның үздік футболшысы деп танылып, «Алтын доптың» иегері болған еді. Ол Амстердамның «Аякс» және каталониялық «Барселона» командаларының және Голландия құрамасының сапында ойнады. 1988-1996 жылдары «Барселонаны» жаттықтырды, 1992 жылы клуб тарихында тұңғыш рет Еуропа чемпиондарының кубогын жеңіп алған. Соңғы сұхбатында ол: «қатерлі ісікпен тартысты кездесуде 2:0 есебімен алда келемін, алайда матч әлі аяқталған жоқ», деген болатын.