Әйгілі Prada сән үйі иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Сән әлемінде кезекті былықтың беті ашылды. Италиядағы Prada сән үйінің иелеріне салықтан жалтырды деген айып тағылып отыр.
Өткен жылдың аяғында Миучча Прада мен оның күйеуі Патрицио Бертеллидің өз активтерін Нидерланды мен Люксембургтегі оффшорлық компанияларда сақтап келгені анықталған болатын. Жергілікті ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, ерлі-зайыпты сәнгерлер бәрін мойындап, салық қызметінің есебіне 470 млн. еуро аударған. Дегенмен, Милан прокуратурасы оларға қатысты қылмыстық іс қозғап үлгерген, деп жазады 24.kz.