Әйгілі суретші Ван Гогтың өмірі жайлы мультфильм түсірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйгілі суретші Ван Гогтың өмірі жайлы мультфильм түсірілді, деп хабарлайды 24.kz.

Нидерланд кинематографистер тобының қатысуымен поляктар жасаған анимациялық туынды «Махаббатпен Винсентке» деп аталады.

Фильмде нидерландтық суретшінің өмірі мен жұмбақ өлімі бейнеленген. Небары екі аптаның ішінде оны 10 миллионнан астам адам көріп үлгерді. Туындының ерекшелігі сол, ол толықтай кенеп матаға салынған суреттерден жасалған.

Авторлар мұндай ойды Ван Гогтың «Біз өз суреттеріміз арқылы ғана сөйлей аламыз» деген сөзінен алған.

Соңғы жаңалықтар