Әйгілі «The Animals» тобы Қазақстанда алғаш рет концерт береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге танымал британиялық «The Animals» рок-тобы тұңғыш рет Қазақстанда концерт бермек, деп хабарлайды meloman.kz.
27 шілдеде ұжым Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында, 28 шілдеде елордадағы түнгі клубтардың бірінде өнер көрсетеді.
Алматыда 27 шілде күні ұжым мүшелері баспасөз мәслихатын өткізеді. Оған Джон Стил, Майк Галлахер, Пит Бартон, Джон Уиллиамсон, Дэнни Хэндли қатысады.
Айта кетейік, «The Animals» тобы 1959 жылы Ұлыбританияда құрылған. Бүкіләлемдік дәрежеде олар тек 1963 жылы танымал бола бастады. 1994 жылы топ рок-н-роллдың даңқ залына енгізілді.
2003 жылы «The House of the Rising Sun» атты әні Rolling Stone нұсқасы бойынша барша уақыттың ең үздік 500 әнінің тізіміне алынды.