06:59, 02 Тамыз 2017 | GMT +5
Әйгілі жеңіл атлет Усейн Болт спорттағы карьерасын аяқтамақшы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аты аңызға айналған жеңіл атлет, Усейн Болт өзінің спорттағы карьерасын ешқашан жеңіліп көрмеген спортшы ретінде аяқтамақшы, деп жазады 7daysnews.ru.

Франс Пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жеңіл атлетикадан Олимпиаданың 8 дүркін чемпионы, ямайкалық желаяқ Усейн Болт 4-13 тамыз аралығында Лондонда өтетін әлем чемпионатының алдында өзінің соңғы жарысын өте жоғары деңгейде өткізуге дайын екендігін айтты.
«Мен өзіме 100 пайыз сенідімін. Мен жарысқа түсуге дайынмын»,-деді ол.
«Мен тіпті газет беттерінен «Усейн Болт мәңгі жеңімпаз, оны тоқтату мүмкін болмады»,-деген сияқты тақырыптармен жазылған газет мақалаларын да елестетіп тұрмын»,-деді әйгілі спортшы.