Әйгілі «Моцарт шарларын» шығаратын кондитерлік фабрика өндірісін жабады

АСТАНА.KAZINFORM — Аустрияның «Mondelez» кондитерлік корпорациясы Зальцбург маңындағы Моцарткюгель шоколадтарын (неміс тілінен аударғанда «Моцарт шары») 127 жыл бойы өндіріп келе жатқан зауытын жапты, деп жазады Kurier басылымы.

Кондитерская по производству знаменитых «Шариков Моцарта» закрывает производство
Фото: kurier/Franz Neumayr

- 5 желтоқсан күні алтын қаптамаға оралған соңғы «Моцарткюгель» коллекциялық контейнерге оралды. Зальцбургте пісте-марципан қосылған 17,1 грамм сфералық шоколад тарихта қалды. Зальцбург шоколады компаниясы «Нағыз Зальцбург Моцарткюгель» өндірген фабрика мәңгілікке жабылады, деп жазады газет.

Екі жыл бұрын зауытта 160 қызметкер жұмыс істесе, қазір олардың саны 40-қа жетті, 2024 жылдың 31 желтоқсанында олар да зауыттан шығады.

Mondelez 1897 жылдан бері Salzburg Schokolade компаниясына иелік етеді. Мұнда 127 жыл бойы композитор Вольфганг Амадей Моцарттың атымен атақты марципан салмасы бар «Моцарткугель» дөңгелек шоколадты кәмпит шығарылды.

Пандемия кезінде компания қаржылық қиындықтарға тап болып, бұрынғы өндіріс көлеміне жете алмады. Зауыттың жабылу себептері шикізатқа, энергияға, қаптамаға және тасымалдауға кететін шығындарға байланысты болды.

Кәсіпорында жұмыс істеген компанияның сапа жөніндегі менеджері Катарина Линднер: «Бұл бөліп-бөліп алған өліммен тең болды», — деді.

Жабдықтар мен зауыт ғимаратының астындағы алаңды сату жоспарланып та қойған. Түскен қаражат кредиторлардың талаптарын өтеуге жұмсалады. Қайта құрылымдау жоспарына сәйкес, бұл 2025 жылдың 7 ақпанынан кешіктірілмей болуы керек.

Моцарткугель тәттілерінің тағдыры әлі белгісіз. Рецепт құқығы Монделесте қалады. Дегенмен, әзірге Аустрияда өндіріс болмайды.

Корпорация мәселені шешу үшін «қарқынды жұмыс істеп жатқанын» және «еуропалық желіде» шешімін тапқанын айтты. «Моцарт шарлары» шоколады Польшада немесе Чехияда шығарылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар