Әйгілі The Beatles тобы салған картинка 1,7 млн долларға сатылған

АСТАНА. KAZINFORM – Британдық The Beatles рок-группасының құрамы салған сурет Жапониядағы концерттік тур кезінде Christie's аукцион үйіндегі сатылым барысында 1,74 млн долларға сатылды, – деп жазады ru.oxu.az сайты.

битлз
Фото: Oxu.Az

Туынды абстракционизм стилінде салынған. Суреттегі бейнені 1966 жылы рок-группа өнерпаздары Токиодағы концерт арасындағы үзілісте жапондық дәстүрлі васи қағазына салған.

картинка
Фото: Oxu.Az

Ақпарат көздеріне сенсек, рок-группа мүшелері концерт арасындағы бос уақыттарын қауіпсіздік мақсатында тек қонақ үйде өткізетін болған.  Уақытты тиімді өткізу мақсатында ортақ картинка салып, The Beatles тобы құрамындағы барлық мүшелерінің қолтаңбасы қалған туынды осылайша өмірге келген. Кейіннен өнер туындысына «Әйелдер келбеті» деген атау берілсе керек.

Соңғы жаңалықтар