Әйгілі «Үйде жалғыз қалғанда» фильмі түсірілген үй сатылымға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – «Үйде жалғыз қалғанда» фильміндегі МакКаллистер отбасының үйі сатылымға шығарылды. Жаңа жылдық мерекеде балалардың ғана емес, үлкендердің де сүйікті киносына айналған туындыдағы үй туралы ақпарат кім-кімнің болмасын қызығушылығын тудыратыны анық.

үй
Фото: zillow.com

Чикаго маңындағы ауылда орналасқан екіқабатты шатырлы үй 5,25 миллион долларға бағаланып отыр. Жарнама Zillow сайтында жарияланған.

үй
Фото: zillow.com

Ауданы 848 шаршы метрді құрайтын сарай 2018 жылы заманауи үлгіде жөндеуден өткен. 

Бұрынғы қожайындар культке айналған фильмдегі дүниелерді сақтап қалуға тырысқан.

үй
Фото: zillow.com

«Әдемі фойе, кіреберіс баспалдақтары, қонақ бөлме және ас бөлмелерінің пішіні мен құрылымы іс жүзінде өзгерген жоқ», - делінген лоттың сипаттамасында.

үй
Фото: zillow.com

Үйде үлкен ас бөлме, қойма, күннің нұры түсетін отбасылық бөлме, камині бар экранды кіреберіс, спорт залы, кинотеатр және заманауи құрылғылармен жабдықталған көптеген бөлмелер бар екен. 

Төбенің биіктігі шамамен 3,2 метрге жетеді. Резиденцияда күтімі жақсы бақ бар.

үй
Фото: zillow.com

Сарай темір қақпалармен қоршалған.

Үй 1921 жылы салынған. Осы уақыт ішінде сарайдың төрт иесі болды.

Үй соңғы рет 2012 жылы 1,58 миллион долларға сатылған.

кино
Фото: zillow.com

 

Соңғы жаңалықтар