Айгүл Балмағамбетова арбадағы би турнирінде «алтын» еншіледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының тұрғыны Айгүл Балмағамбетова AKTAU OPEN PARA DANCE CUP 2018 республикалық арбадағы би турнирінде алтын және күміс медаль олжалады, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Айгүл Балмағамбетова арбадағы би турнирінде «алтын» еншіледі

Осы жеңістің арқасында ол сонымен қатар Азия чемпионаты мен Әлем кубогына қатысуға мүмкіндік алып отыр. 

Айгүл 2015 жылдан бері бимен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында ол түрлі сайыстарда бірнеше жүлделі орындарды иеленген, ал осы жылдың сәуірінде Астана қаласында өткен Қазақстан чемпионатында күміс және қола медальдарды жеңіп алған. 

Арбадағы биде басқа да би түрлеріндегідей қазылар алқасы биші тұла бойын қалай ұстай алатынына, ырғаққа бейімділігі, бидің күрделілігі мен оны орындау мәнеріне назар аударады. 

- Арбадағы би - айтарлықтай қымбат құмарлық, себебі ол үшін арнайы арбалар қажет: жеңілдетілген және икемді, дөңгелектері бір бұрышқа иіліп онатылады да, арқасы төмен болады. Ондай арбаларды тапсырыс бойынша ғана жасайды. Мұндай жақсы бір арбаның құны шамамен бір жарым миллион теңгені құрайды. Бірақ бізге Қазіргі заманғы және спорт билері федерациясы үлкен қолдау көрсетуде, олар бізге арба береді, ал өткен жылы мүгедектік спорт мектебі осындай арбаны сыйға тартты. Сонымен қатар бізге Қарағанды облысының спорт басқармасы мен Айгүл тұратын Саран қаласының мүгедектер және психоневрологиялық дерттерге шалдыққан науқастарға арналған интернат көмектеседі, - дейді жаттықтырушы Күлшім Аталықова. 

null

Қазір Айгүл Қазақстан чемпионатына дайындалып жатыр.