Айгүл Иманбаеваның театры Македониядағы фестивальде бас жүлдені еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Айгүл Иманбаеваның «А.И.» музыкалық-театрлық орталығы Македониядағы «Стоби» антикалық театрлардың XIII халықаралық фестивалінде Гран-при сыйлығына ие болды.

Айгүл Иманбаеваның театры Македониядағы фестивальде бас жүлдені еншіледі

Бұл туралы Instagram арқылы актриса Айгүл Иманбаеваның өзі хабарлады.

«Достар, қолдауларыңызға рахмет! «А.И.» музыкалық-театрлық орталығы Македониядағы «Стоби» антикалық театрлардың XIII халықаралық фестивалінде Гран-при сыйлығына ие болды», - деп жазды ол.

«А.И» театрының ұжымы фестиваль көрермендеріне «Медея» спектаклін ұсынған. Айта кетейік, Айгүл Иманбаева қазақстандықтарға актриса ретінде ғана емес, әнші, танымал шоу-бағдарламалардың тележүргізушісі ретінде де белгілі.