Айгүл Соловьёва өзін Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті лауазымынан босатуды сұрады
АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында «Қазақстан Азаматтық Альянсы» ЗТБ конференциясы өтті. Онда Айгүл Соловьёва өзін ҚАА президенті лауазымынан босатуды сұрады, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметінен.
Заңшығарушылық қызметіне байланысты Соловьева Айгүл Сағадыбекқызы өзін ҚАА президенті лауазымынан босатуды сұрады.
«Құрамына ҚАА-ның жергілікті өкілдеріі мен ҮЕҰ-ның елеулі көшбасшылары кіретін Қазақстан Азаматтық Альянсының Кеңесі бірауыздан ҚАА-ның жаңа басшысы ретінде Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлын сайлады», - деп хабарлады «Қазақстан Азаматтық Альянсы» ЗТБ баспасөз қызметінен.