Айгүл Жамалова Халықаралық журналистика мектебінің деканы болды

Айгүл Жамалова
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мектебінің деканы лауазымына Айгүл Жамалова тағайындалды.

Maqsut Narikbayev University - халықаралық білім деңгейін ұсынатын еліміздің университеттері арасында көшбасшы білім ордасы. Университет командасына халықаралық журналистика магистрі Айгүл Жамалова қосылды.

Айгүл Жамалова - медиа салада 15 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби журналист және медиаменеджер. Ол беделді «Болашақ» стипендиясы арқылы Ұлыбританияның Лидс университетінің Халықаралық журналистика магистрі дәрежесіне ие болды. Ал 2021 жылдан бастап MNU-де лектор қызметін атқарады.

Maqsut Narikbayev University командасына қосылғанға дейін Айгүл Жамалова «Жетінші арна», «Atameken Business» сияқты Қазақстанның жетекші медиакомпанияларында басшылық қызметтерін атқарды. Оның digital-стратегияларын әзірлеу және іске асыру, интернет-маркетинг, интернеттегі жеке және корпоративтік брендті жылжыту, сондай-ақ үш тілде эксклюзивті сұхбаттар жүргізу және мәтін жазу саласында мол тәжірибесі бар.

Өз қызмет жолында Айгүл Жамалова «Астана» халықаралық қаржы орталығында корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директор лауазымын атқарды, онда брендтің жаңартылған digital-стратегиясын іске асырумен және ішкі коммуникацияларды құрумен айналысты. 

Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйек айында Maqsut Narikbayev University-де ҚР Президент Телерадиокешенінің қолдауымен Қазақстандағы алғашқы Халықаралық журналистика мектебінің салтанатты ашылуы өткен.

Соңғы жаңалықтар