«Айка» фильмі Қытайда екі жүлдеге ие болды
Сондай-ақ, кинофестиваль шеңберінде Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» фильмінің көрсетілімі өтті. Бұл туралы продюсер Зарина Кисикова Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Кеше «Golden rooster and hundred flowers» кинфестивалінде Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» фильмі көрсетіліп, оны тамашалаған көрермендермен кездесу өткізілді. Фильм көрермен мен дистрибьюторлардың қызығушылығын тудырды. Кинотуынды Қытай билігінің рұқсатын алып сол елдегі прокатқа шығады деп үміттенеміз. Алда көптеген айдың жұмысы тұр. Сонымен қатар, «Айка» фильмі кинофестивальде Best leading actress by Audience Award және Best foreign director by Audience Award жүлдесін иеленді, Сергей Дворцевойды (ресейлік режиссер-авт) құттықтаймын», - деп атап өтті Зарина Кисикова.
«Golden rooster and hundred flowers» фестивалі- Қытайдағы ірі киножүлде. Байқаудың «Алтын әтеш» мүсіншесін кәсіби қазылар тапсырады, ал «Жүз гүл» жүлдесінің иегерін көрермендердің дауыс беріп анықтайды.
Айта кетсек, «Айка» фильм Қазақстан Республикасы атынан Американың киноакадемиясының «Оскар» сыйлығына ұсынылған болатын.
Фильмде басты рөлді Халықаралық Канн-2018 кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі үшін» жүлдесіне ие болған қазақстандық актриса Самал Еслямова сомдайды.
Фильмде Қырғызстаннан Мәскеуге келіп, онда заңсыз жұмыс істеп жүрген жас эмигрант әйелдің оқиғасы, оның ішкі адами өсуі, аналық сезімі баяндалады.