Айқын Төлепберген продюсерлікті қолға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Айқын Төлепберген осы күнге дейін жинаған тәжірибесін жастармен бөлісу мақсатында шәкірт тәрбиелеуді қолға алды. Ол өнерлі қыз бен жігіттің басын қосып, «А» дуэтын құрды. Бұл туралы juldyz-alem.kz хабарлайды.

Айқын Төлепберген продюсерлікті қолға алды

Дуэт құрамында өнер көрсететін 1993 жылғы Олжас та, 1994 жылғы Маржан да "Жанды Дауыс" жобасында болған талантты әншiлер. Топтың "А" деп атауын топ солистері продюсерлерiнiң есiмi "А" әрпiнен басталатынымен және «А» алфавиттiң бiрiншi әрпi екендігімен түсіндіреді.

Ал топтың жанры көбіне лирика бағытында болмақ. Қазiргi таңда дуэттің екi лирикалық әнi бар екен. Бiрiншiсi баяу ритмде болса, екiншi туындыларының ритмi жылдамырақ. Топ жақын арада көпшілікке бейнебаян ұсынбақшы.