Аймақтар партиясы бүгін Януковичті президенттікке кандидат ретінде ұсынады - Украина
АСТАНА. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат - Аймақтар партиясы жұма, қазанның 23-де өз съезін өткізеді. Олар партия жетекшісі Виктор Януковичті Украина президенттігіне кандидат ретінде ұсынады,
деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Халық арасында жүргізіліп жатқан сауалнамалар Януковичке бірінші кезеңде - 25-30 пайыз, екінші кезеңде оның жақын қарсыласы премьер-министр Юлий Тимошенкодан 10-12 пайызға көп дауыс беріп отыр.
Әлеуметтанушылар болса, Аймақтар партиясы сайлаудың екінші туры өткен жағдайда міндетті түрде жеңеді, себебі ұсынылғалы отырған кандидаттардың ешқайсысы сайлаудың бірінші кезегінде 50 пайыз +1 дауыс ала алмайды деп санайды. Дегенмен, саясаттанушылардың сайлаудың нәтижесіне 100 пайыз сенімдері жоқ екенін айта кету керек, себебі сайлаушылардың 25 пайызы кімге дауыс беретіндерін әлі анықтай алмай отыр.