Аймақтардағы қала құрылысының кадастры Қызылорда облысының тәжірибесі негізінде жұмыс істемек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аймақтардағы қала құрылысының кадастры Қызылорда облысының тәжірибесі негізінде жұмыс істейді, деп хабарлады Өңірлік даму министрлігі жанындағы «ҚазНИИСА» АҚ Астана филиалының баспасөз қызметінен.
Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Қызылорда облысына барған сапары аясында қала құрылысы кадастрының мемлекеттік бірыңғай жүйесін құру және жүргізу мәселелері жөнінде селекторлық отырыс өткізді.
Облыстарға Қызылорда облысы мен Қызылорда, Астана қалаларындағы қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған жүйесінің сәтті жүзеге асуы көрсетілді.
Болат Жәмішев атап өткендей, бүгінде көптеген облыстарда арнайы өндіріс орындары кадастрды құрастыру жұмыстарымен айналысуда. Алайда олардың әдістері, пішіндері әр түрлі. Қызылорда мен Астана қаласындағы кадастр жүйесі ғана тиісті талаптарға жауап береді. Онымен қоса облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Сейілхан Тойбазаров Қызылорда қаласының электрондық сандық картасы шағынаудандар, жолдар, жеке сектор, инженерлік инфрақұрылым, мүлік нысандары туралы деректерді жинауға септесті. Осылайша облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы 2013 жылы Қызылорда қаласындағы 29 көшедегі жолға асфальт төсеу үшін жұмсалатын қаржыны жоспарлау кезінде 100 млн. теңгеден астам қаражатты үнемдеді.