Аймақтарды дамыту-2020: Шалғай жатқан 500-ден астам ауыл ауыз сумен қамтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Аймақтарды дамыту-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында 543 ауыл ауыз сумен қамтылды. Бұл туралы бүгін ОҚК баспасөз мәслиxатында ҚР ИДМ геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлім етті.
None
None

"Аймақтарды дамыту-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2012-2014 жылдары жерасты суларына барлау жұмыстары жүргізіліп, 543 ауыл ауыз сумен қамтылды. Сонымен қатар ірі елді мекендерде 65 жерасты суларының мол қоры анықталды", - деді ол. Оның айтуынша, 2015 жылы жергілікті биліктің күшімен 744 ауыл үшін барлау жұмыстары жасалды, онда шамамен 40 астам су қоры жинақталған. "485 ауыл және 35 жерасты су қоры бойынша барлау жұмыстары жалғасуда. 2016 жылы ол жұмыстар аяқталады", - деп түйді сөзін комитет басшысы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум