Айман Мұсақожаева Иерусалим симфониялық оркестрінің демеуімен өнер көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иерусалим театрының сахнасында Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева  бразилиялық танымал дирижер Джон Нешлингтің жетекшілігімен, Иерусалим симфониялық оркестрінің демеуімен концерт қойды.

Айман Мұсақожаева Иерусалим симфониялық оркестрінің демеуімен өнер көрсетті

Бұл жайында Қазақстанның Израильдегі Елшілігі өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Израиль тыңдарманы қазақстандық біртуар өнер иесімен жақсы таныс. Сондықтан оны асыға күткен еді. Айман Мұсақожаеваны зор қошеметпен қарсы алған израильдік тыңдарман концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін де оны сахнадан ұзақ уақыт бойы жібермеді.

null

Бағдарлама аясында Мұсақожаева оркестрдің демеуімен композитор Ян Сибелиустың скрипкаға арналған концертін, Евгений Брусиловскийдің, Чайковскийдің, Бетховеннің туындыларын орындады.

Иерусалим симфониялық оркестрінің директоры Яир Штерн бұл концерттің Қазақстан мен Израиль арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына арналғандығын атап өтіп, екі елдің арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың одан ары дами түсетіндігіне сенімді екендігін айтты.

Айман Мұсақожаева Израильге сапары аясында Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры ретінде Иерусалим музыка академиясы мен Айзек Стерн атындағы Иерусалим музыка орталығының басшылығымен кездесулер өткізді.

Айта кетейік, Айман Мұсақожаева Қазақстанның халық әртісі, "Әлем әртісі", Халықаралық шығармашылық академиясының академигі. Оның  есімі музыкалық Олимпте М.Плетнев, Г.Кремер, Е.Грач, В.Третьяков, И.Гаврш сияқты әлем жұлдыздарымен қатар тұр. Өнер жұлдызы Шығыс музыкасының нәзіктігін, сезімталдығын Европаның музыкалық мәдениетінің руханилығымен, көпқырлығымен үндестіріп, ұлттық өнерді әлем халқына танытты.

null