Айнаүл Мусина: Карантиндік шараларды сақтау – дерттің ушығып кетпеуіне көмегін тигізеді

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің айтуына қарағанда, коронавирус инфекциясының таралуы бойынша Ақмола облысы осымен екінші күн қатарынан «қызыл аймақта» тұр. Эпидемиологиялық жағдай күрделеніп барады. Соңғы аптадағы індеттің өсім көрсеткіші, алдыңғы аптаға қарағанда 1,5 есеге дейін ұлғайған.
«Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай өте қиын деуге болады. Себебі, бір күнде 75 жағдай тіркеліп, оның 42-сі Көкшетау қаласында анықталған. Облыста індеті тарай бастағалы 4700-ге жуық адамнан коронавирус зертханалық тәсілмен расталды. Қазіргі уақытта облыс стационарларында 209 науқас осы дерттен емделіп жатыр. Өкінішке орай, 83 адам осы індеттің құрбаны болған. Бұл жағдайлар бойынша тиісті шаралар қолданылуда. Халық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан ұсынылатын талаптарға түсіністікпен қарап, оларды орындаулары қажет. Карантиндік шараларды сақтау – облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың ушығып кетпеуіне көмегін тигізеді», - деді А.Мусина.
Айта кетейік, Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша соңғы тәулікте 75 жағдай тіркелсе, оның 42-сі Көкшетау, 9-ы Степногор қалалары үлесінде. Ал, қалғандары Атбасар, Бурабай, Зеренді, Бұланды және Сандықтау аудандарында тіркеліп отыр.