Айнұр Абдықалықова мен Айгерім Әуелбек Қазақстан чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласында ауыр атлетикадан әйелдер арасында 2 салмақтың жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
49 келіде 27 жастағы Айнұр Абдықалықова айқын жеңіске жетіп, кезекті рет ел чемпионы атанды.
53 келіде 28 жастағы Айгерім Әуелбек те серпе көтеру жаттығуында алғашқы мүмкіндігінде-ақ алтын жүлдеге ие болды.
49 келі. Жұлқа көтеру
- Айнұр Абдықалықова (Жамбыл обл) — 64 келі
- Фатима Туребаева (Қызылорда обл) — 56 келі
- Ирина Чумак (Қостанай обл) — 55 келі
Серпе көтеру
- Айнұр Абдықалықова (Жамбыл обл) — 80 келі
- Ирина Чумак (Қостанай обл) — 75 келі
- Фатима Туребаева (Қызылорда обл) — 71 келі
Қоссайыс қорытындысы:
- Айнұр Абдықалықова (Жамбыл обл) — 144 келі (64+80)
- Ирина Чумак (Қостанай обл) — 130 келі (55+75)
- Фатима Туребаева (Қызылорда обл) — 127 келі (56+71)
53 келі.
- Айгерім Әуелбек (Жетісу обл) — 163 келі (73+90)
- Виктория Мурашкина (Қостанай обл) — 149 келі (69+80)
- Олеся Теренюк (Қарағанды обл) — 140 келі (61+79)
Мамыр айында осы салмақта ел чемпионатында топ жарғандар:
48 келі
- Валерия Васечко (Ақмола обл) — 123 келі (55+68)
- Светлана Квасникова (Ұлытау обл) — 109 келі (49+60)
- Арина Леванова (Жетісу обл) — 107 келі (48+59)
53 келі
- Айнұр Абдықалықова (Жамбыл обл) — 164 келі (72+92)
- Виктория Мурашкина (Қостанай обл) — 155 келі (70+85)
- Айгерім Әуелбек (Жетісу обл) — 154 келі (71+83)
Бұған дейін Астанада ауыр атлетикадан ел чемпионатына 20 команда қатысатынын жазғанбыз.