Айнұр Әбдірасылқызы: Ел тұғырын тіктеуге саналы ғұмырын арнаған Елбасымыздың дертіне дауа тілейік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ЕҰУ дінтану кафедрасының доценті, ф.ғ.к Айнұр Әбдірасылқызы Елбасына амандық тілеп, пікір білдірді.
***
Елбасы тәж вирусымен ауырып қалыпты» деген хабарды бүгін естіп отырмыз.
Тарихта «ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған» ұлы тұлғалар болады. Солардың арасында дер кезінде туып, ұлтына тұлға да, тірек те бола білген қайраткер еріміз – біздің Елбасы.⠀
Тарихта қайрат етіп тұрған шақта қадірі білінбей, кеш танылып жататын азамат ерлер болады. Солардың сапынан оқ бойы озып тұрған, қара ормандай Қазақ Елі қадір-қасиетін тап басып танып, хан көтеріп дәріптеген дарабоз тұлғамыз – біздің Елбасы.⠀
«Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйсінуге ол жарар» дейді хакім Абай.⠀
Алты Алаштың айбынын асырып, тұғырын тіктеуге саналы ғұмырын арнаған, күш-қайратын сарп еткен Елбасымыздың дертіне дауа, деніне саулық тілейік!!!⠀
Тарихтың талай өткелегінен өтіп, рухы мұқалмастай шыңдалған қыран қанатты Қазақ Елі, сіздер де аман болғайсыздар!!!⠀
«Сақтансаң – сақтаймын» деген ұстанымға ұйыған ұлағатты халық едік. Ендеше осынау айтып келмеген апаттан сақтанудың барлық шараларын қарастырайық. Ұлт ретінде біз өткеннің де, болашақтың да алдында жауаптымыз. Қапы қалуға хақымыз жоқ...⠀