Айнұр Ахметованы жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратпай Қазақстанға жеткізетін ұшақ АҚШ-та дайын тұр

ТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Айнұр Ахметованы жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратпай Қазақстанға жеткізетін ұшақ АҚШ-та дайын тұр,

Айнұр Ахметованы жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратпай Қазақстанға жеткізетін ұшақ АҚШ-та дайын тұр

деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Таяуда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі АҚШ-тағы клиникалардың бірінде ес-түссіз жатқан қазақстандық студент Айнұр Ахметованы ұшақпен тасымалдау мәселесін американдық әріптестерімен талқылағаннан кейін оны жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратпай Қазақстанға жеткізу туралы шешім қабылдады. «Falck TravelCare A/S» компаниясы А.Ахметованы тасымалдау жауапкершілігін мойнына алып отыр. Ұшақ АҚШ-та ұшуға толығымен дайын тұр. Ес-түссіз жатқан қыз Қазақстанға жеткізілгеннен кейін Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығына жатқызылады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі әуе дәлізін ашу мәселелерін шешуде. Толық ақпарат қазақстандық азамат елге жеткізілгеннен кейін беріледі.