Айнұр Ахметованың жағдайы әлі де ауыр - ҚР ДСМ

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында телекеңес режимінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Эрик Байжүнісов, дүниежүзіне танымал нейрореаниматолог, АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния университетінің профессоры Владимир Зельман мен Қазақстанның жетекші клиникалары мамандарының қатысуымен емделуші Айнұр Ахметованың жағдайына қатысты дәрігерлер консилиумы болып өтті.

Айнұр Ахметованың жағдайы әлі де ауыр - ҚР ДСМ

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дәрігерлердің бақылауының қорытындысы бойынша, А.Ахметованың жағдайы ауыр, ағзаның өмір функциялары тек медикаментозды терапия мен өкпені жасанды желдету аппараттары арқылы жұмыс жасауда. Жағдайды полиорганды жетіспеушілікке әкеліп отырған екі өкпедегі пневмонияның ауыр түрі ушықтырып отыр. Емдеу шаралары жағдайдың ауырлығына байланысты жасалып жатыр, бірақ сауығып кетуге үміт жоқ.

Консилиум жұмысының қорытындысы бойынша, белсенді терапияны, әсіресе пневмонияны емдеу шараларын күшейту қажеттілігі туралы шешім қабылданды.