Айнұр Келімбетова: Елбасы бұл сынақты да оңай еңсереді деп ойлаймын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалының бөлім бастығы Айнұр Келімбетова Елбасының індеттен тезірек жазылып шығуын тіледі.

Айнұр Келімбетова: Елбасы бұл сынақты да оңай еңсереді деп ойлаймын

«Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті, «Nur Otan« партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тезірек жазылуын тілейміз. Партиямыздың Төрағасы рухы күшті, қажырлы, қайратты кісі. Әрбір сәтте халықты, мемлекетімізді қиын кезеңдерден алып шыққан. Бұл сынақты да оңай еңсереді деп ойлаймын. Коронавирус ешкімнің жасына да, қызметіне де қарамайды. Сондықтан, сақтық шараларына немқұрайлылық танытпай сақтанайық», деп жазды ол Facebook парақшасында.