14:46, 14 Мамыр 2023 | GMT +5
Айрақты қорғандар алқабында түсірілген видео желі қолданушыларын сүйсінтті
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат – Астаналық видеограф Айрақты шатқалында құлынымен жүрген биелердің әдемі көрінісін түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтемемен.

Ролик авторы – кәсіби видеограф және фотограф Дастан Мұхамедрахымов. Ол өзі Астанада тұрады, бұл оның Маңғыстаудағы алғашқы туындысы.
Кадрлар күн шығып келе жатқан кезде түсірілген. Бас кейіпкерлер – құлындарымен жүрген биелер.
Желі қолданушылары бұл туындыға қатты сүйсінді.
Айрақты - Маңғыстау облысындағы қалдық таулар жүйесі. Жергілікті тұрғындар арасында Айрақты-Шоманай деген атаумен таралған, бірақ әлемде таулар «Айрақты қорғандар алқабы» деген атпен танымал.
Бұл Маңғыстау облысының көрнекті символы саналатын тамаша жер. Оның топонимі 19 ғасырда Қазақстанға жер аударылған украин ақыны және суретшісі Тарас Шевченко «Қорғандар алқабы» атты көркем суреттерін қалдырған кезде пайда болды.