Айранбай күмбезі

анбай күмбезі, Айранбайтам, Бескүмбез - сәулет өнері ескерткіші. Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Алғабас ауылынан оңтүстікке қарай 35 шақырым жерде, Сарыкеңгір өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.
None
None

Айранбай күмбезі шамамен 1870 жылы шикі кірпіштен қаланып, іші-сырты күйдірілген қышпен қапталған. Бескүмбезді мавзолейдің жобасы ерекше, айғыш тәрізді пішініне сәйкес төрт жарты сфералы күмбезбен жабылып, солардың үстіне үлкен күмбез орналасқан.

Құрылыс өрнегі аса күрделі емес, айналдыра белдеу тартылған. Мазар қасбетті-күмбезді екі камералы болып келген. Бас қасбеті П-тәрізді белдікшелермен, бүйір беттері жартылай дөңгелек ойықтармен, ал артқы беті екі ойықпен қаланған. Төрттіктен сегіздікке бұрыштары екі тірек аралығының доға тәрізді жабыны арқылы және бірден күмбез шеңбері бойымен ауысып отырған.

Айранбай күмбезінің жалпы аумағы - 8,30 х 9,75 метр, биіктігі - 6 метр. Алдыңғы жағы басқаларынан биік, еңселі. Кіретін есігі адам бойынан биік, шығыңқы діңмаңдайшамен әшекейленген. Кірер бет маңдайшасында арабша жазуы бар.

Айранбай күмбезі - республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізілген.

 

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы І том

Соңғы жаңалықтар