«Айрин» дауылы АҚШ жағалауына жақындап келеді

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Сенбі күні Атлант теңізінде туындаған «Айрин» дауылы екінші санатқа ауысып, екпіні мен қауіптілігін күшейте Американың шығыс жағалауларына қарай бағыт алып келеді,

«Айрин» дауылы АҚШ жағалауына жақындап келеді

деп хабарлайды ВВС елдің дауылдарды ескерту Ұлттық орталығына сілтеме жасап.

Желдің екпіні сағатына 155 шақырымға жетуде. Болжам бойынша, дауыл алдағы жексенбіге қарай үшінші санатқа ауысып, Солтүстік Каролинаға дейін жетуі мүмкін.

Ведомство таратқан ақпарат бойынша, «Айрин» таяудағы 48 сағатта екпінін одан да күшейтеді.