«Айрин» дауылынан көз жұмғандар саны 42 адамға жетті
АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Американың он екі штатында «Айрин» дауылынан көз жұмғандар саны 42 адамға жетті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС АҚШ-тың төтенше жағдайлар жөніндегі Федеральды агенттігіне сілтеме жасап . Бұдан бұрын 38 адам қаза тапты деп хабарланған болатын.
Телеканалдың мәліметінше, қаза тапқандардың басым бөлігі Нью-Йоркте (8), Нью-Джерсиде (7) және Солтүстік Каролинада (6). Пенсильванияда бес адам қаза тапса, төртеуі - Вирджинияда, үшеуі - Вермонтеде, екі кісіден - Коннектикутте, Делавэреда, Мэрилентте және Флоридада, бір-біреуден - және Массачусетс пен Нью-Гемпшир штаттарында да адам шығыны тіркелген.