Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларына қатысты хаттама заңмен бекітілмек

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкімет Мәжіліске бірқатар халықаралық хаттамаларды бекітуді ұсынды. Соның ішінде «Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бар.
None
None

Енді бұл заң жобасы бойынша Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті жұмыс тобын құрып, қорытынды әзірлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2008 жылғы желтоқсанның 12-сінде Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің отырысы шеңберінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық құжаттарға қол қойылды. Солардың ішінде Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттама бар.

Аталған Хаттама 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімнің 4-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамаға сәйкес күшіне енеді.

Хаттаманың 2-бабына сәйкес кеден одағына қатысушылардың кез-келгеніне айрықша жағдайларда, яғни, ұлттық, экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігі мақсатында үшінші елдерге қатысты Бірыңғай кедендік тарифпен салыстырғанда неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен кедендік баж ставкаларын қолдану мүмкіндігі көзделген және оларды қолданудың бірыңғай тәртібі айқындалған. Кедендік әкелу бажының неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставкасы Комиссия шешімінің негізінде айрықша жағдайларда қолданылады.

Алайда, Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 292-бабына сәйкес кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және олар кедендік режимдердегі тауарларды декларациялау кезінде төленеді, бұл режимдерге орналастыру шарттары Қазақстан Республикасының кедендік тарифіне сәйкес баждарды төлеуді белгілейді. Осылайша, Хаттама ережелеріне Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленеді.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Хаттама ратификациялануға тиіс.

Соңғы жаңалықтар