Айша Әбдімәлік U17 әлем чемпионатында күміс медальға ие болды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан әйелдер құрамасы Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне ие болды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Айша Әбдімәлік ел қоржынына күміс медальді салды.
Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың финалында моңғолиялық Ариунзул Болдбаатардан жеңіліп қалды.
Сондай-ақ Аянат Мейнамбай 49 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдескен еді. Дегенмен АҚШ өкілі Исла Сильваға жол берді.
Әлинұр Төлеуғали грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазған едік.
Дияр Аманәлі грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.