Айшолпанның ізін басқан тағы 3 бүркітші қыз өсіп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Режиссер Отто Белл түсірген «The Eagle Huntress» деректі фильмінің басты кейіпкері, Моңғолияның қазағы Айшолпан Нұрғайып өз сіңлісін бүркітшілікке баулып жүр. Бұл туралы Айшолпан шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында хабарлады. Айшолпан осымен үшінші рет АҚШ-қа барды. Ол жоқ кезде бүркітіне ағасы қарайлайды. Айшолпанның өзі баулыған бүркітті 3 жыл бұрын қолға үйреткен, оған дейін аңшы қыз әкесінің бүркітімен аңға шыққан.
None
None

Айшолпанның айтуынша, ол Моңғолияда өте танымал бүркітшіге айналған. «Моңғолия халқы фильмді әлі көрген жоқ және көруді армандап жүр. Өзімді үлкен экраннан көруге қысылып жүрмін», - деді бойжеткен.
Моңғолияда өткен бүркітшілер фестиваліндегі Айшолпанның жетістігінен соң, ерлер қауымы бүркітшілікті әйелдің ісі емес деп айтуды доғарды. «Өткен жылы фестивальге тағы бір бүркітші қыз келсе, биыл екеуі шыққан. Сонда, Моңғолияда төрт бүркітші қыз бар», - дейді Айшолпан. Жыл сайын жергілікті қазақтар Баян Өлгейдегі бүркітшілер фестиваліне қатысып, өз құстарының қарым-қабілетін көрсетеді.
Айта кетейік, америкалық киноакадемия «Бүркітші қыз» фильмін «Оскар» сыйлығына үміткерлердің қатарына қосты. Басты кейіпкер Айшолпан Нұрғайып бүркітші кәсібін игеріп, ата-баба дәстүрін жалғастырып келеді. Әлем бойынша, екі қыз бала ғана бүркітшілікпен айналысады. Екеуі де қазақ қыздары. Оның бірі Қазақстанда тұрады. Ол - Мақпал Әбдіразақова. Оскарға үміткерлер тізімінде 15 фильм бар. Жарияланған фильмдер арасынан ең үздік бесеуі таңдалады және ақтық сынға түседі. Байқау қорытындысы 24 қаңтарда белгілі болмақ.
Еске сала кетсек, танымал әнші Sia моңғолиялық бүркітші қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып туралы фильмнің саундтрегі «Angel by the Wings» атты жаңа ән жазды.

Соңғы жаңалықтар