12:00, 18 Қазан 2017 | GMT +5
Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясы вице-президентінің міндетін атқарушы қызметінен босатылды.

«Айсұлтан Назарбаев «Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығы» ЗТБ Вице-президентінің міндетін атқарушы қызметінен өз өтінішіне байланысты босатылды», - делінген ҚФФ сайтындағы хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Айсұлтан Назарбаев биылғы жылдың ақпан айында ҚФФ-ның халықаралық ұйымдармен (ФИФА, УЕФА және ұлттық ассоциациялар) байланыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалған еді.