Айсұлу Иманбекованың «Бозжайнақ» деп аталатын кітабы жарық көрді

АЛМАТЫ. 7 маусым. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда «Ерке-Нұр» - Шарапат» қоғамдық қорының демеушілігімен тележурналист Айсұлу Иманбекованың «Бозжайнақ» деген кітабы жарық көрді.

Айсұлу Иманбекованың «Бозжайнақ» деп аталатын кітабы жарық көрді

Оған автордың бұрын жарияланбаған әңгімелері мен көсемсөздері, баспасөз бетінде жарық көрген сұхбаттары, әзіл-сықақтар, сонымен қатар ағайын-туыс, құрбы-құрдас, әріптестерінің естелік, эсселері енгізілген. Жинақтың тұсаукесер рәсімі 11 маусым күні өтеді деп жоспарлануда.

Айсұлу Иманбекова Қазақ теледидарында, сатиралық «Ара» журналында еңбек етті. 2006 жылы «Ерке-Нұр» сән театрының атқарушы директоры болып тағайындалды. Ал 2007 жылы қыз-келіншектерге арналған «Ерке-Нұр» сән журналының шығуына мұрындық болып, редактордың орынбасары ретінде басылымның көркеюіне зор үлес қосты.

Айсұлу Иманбекова 2010 жылы 25 тамызда жол- көлік апатында опат болды.