Айт мейрамында ауа райы да шуақты болмақ

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Демалыс және мереке күндері республиканың барлық аймақтарында жайлы ауа райы күтіледі, тек солтүстік және батыс өңірлерде ауа райы құбылмалы болып, осы жерлерде суық циклонның өтуіне байланысты жаңбыр жауады, жаңбырдың соңы қарға айналады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
None
None

Республиканың батысында күндізгі температура 10-15 градус шамасында жылы болса, солтүстікте 2-7 градус жылы болады. Қалған аймақтарда ауа райы ашық болады, оңтүстік бойынша 12-17 градус жылы, шығыс пен орталықта 8-13 градус жылы болады. Ал Астанамызда Құрбан айт күні күндіз аздаған жаңбыр жауады, ауаның күндізгі температурасы 2-7 градус жылы болады.

Соңғы жаңалықтар