Айт намазына жиналған мұсылмандар Мәскеудің бас мешітіне сыймай қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін таңертеңнен бастап Мәскеудегі Мир көшесінде орналасқан бас мешіт Ораза айтын асыға күткен мұсылмандарға лық толды.
Бұл туралы ria.ru сайты хабарлайды.
Сайттың мәліметінше, мешітке сыймағандар сыртындағы алаңдарға да жайғасқан. Келушілердің қарасы әлі де үзілер емес.
Дуров көшесіндегі көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, Олимпиада даңғылы бойында да көлік қозғалысы шектелген.
Айт намазын жамағатпен бірге оқуға ниеттенген мұсылмандар мешітке таңғы сағат 5:00-ден бастап жиналған. Олар Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Ғайнутлиннің уағызын тыңдап, бір-бірін қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтауда.