Әйтеке би кентінде жаңа балалар бақшасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде 280 орындық балалар бақшасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Әйтеке би кентінде жаңа балалар бақшасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр - Қызылорда облысы

Облыстық бюджеттің есебінен салынып жатқан бұл балалар мекенінің құрылысын қазір «Қазалы-құрылыс» ЖШС жүргізуде. Нысанның сметалық құны - 426,6 млн. теңгеден астам. 2011 жылы оның 313 млн. теңгесі игерілді. Ал биылғы жылға 55,5 млн, теңге қарастырылып отыр. Қазір ғимараттың ішкі жекелеген жұмыстары аяқталып келеді. Сонымен бір мезгілде оның айналасын көркейтіп, көріктендіру жұмыстары жүргізілуде.

Осы өңірде болғанын балалар бақшасы құрылысының жүру жайымен танысқан облыс әкімі Болатбек Қуандықов оның сапасы ойдағыдай болуы мен дер кезінде пайдалануға берілуін тиісті адамдарға қатаң тапсырды.