Аю Камчаткада бір әйелді мерт етті

АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Аңшылар мен аңшылықты зерттеушілер Камчатканың солтүстігінде сейсенбі күні жергілікті әйел құрбаны болған аюдың ізін аңдуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

Аю Камчаткада бір әйелді мерт етті

Паланда жыртқышты атуға арналған ведомствоаралық топ құрылды. Топқа милиционерлер, аңшылықты зерттеушілер мен кәсіби аңшылар енген.

Топтың негізгі міндеті - жергілікті әйелге кенттің орталығында шабуыл жасаған аюдың ізін аңду және қайғылы оқиғаның қайталануын болдырмау үшін залалсыздандыру.

Әйелдің мәйіті Коряк округы Палан кентіндегі стадионның маңында сейсенбіге қараған түні табылған. Алдын ала деректер бойынша әйел аюдың табанында мерт болған.

Мамандар келгенше жыртқыш орманға қашып кеткен.