Аю көлікті айдап кетіп, жол апатына түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Колорадо штаты Дуранго қаласында аю жер үйдің жанында тұрған көлікке мініп алып, жол үстіне шығып кетті, деп хабарлайды Лента.ру.

Аю көлікті айдап кетіп, жол апатына түсті

Хайуан жол талғамайтын көліктің рулін сындырып, радиоқабылдағышты істен шығарған, артқы терезенің шынысын шаққан. Шуға оянып кеткен көршілер полиция шақырған, бірақ тәртіп сақшылары келгеншен аю қашып үлгерді.

Болжам бойынша, жануар көлікті қол тежегішінен кездейсоқ шығарып алған. Бұдан кейін машина жол үстіне сырғып түсіп, пошта жәшігіне барып соғылған.

Еске салайық, шілде айында аю Дуранго қаласындағы округтік түрмеге еніп кеткендігі хабарланған болатын. Шерифтің көмекшілері оны қуып шықпақ болған, алайда, аю ағашқа өрмелеп шығып, түспей қойған. Кейінірек, ол түрмеден алыс емес жердегі қыраттарға өз жөнімен кеткен.