Аю табанының контрабандасы үшін екі ресейлік Қытайда 5 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі ресейлік аю табанының контрабандасы үшін 22 шілдеде шыққан Хулун-Буир (Ішкі Моңғолия автономды өлкесі, солтүстік Қытай) қалалық округы сотының шешімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы "Синьхуа" агенттігі хабарлады.
РФ азаматтарының қытайлық сыбайластарының жазасы ауырлау болды. Олар 6 жыл жеті айға сотталды, сондай-ақ 300 мың юань ($48 мың) айыппұл төлейді.
Қылмыскерлер өткен жылы маусым айында шекара маңындағы Маньчжурия қаласында автомобиль доңғалағына жасырылған 213 аю табанын Ресейден алып шықпақ болған кезінде ҚХР кеденшілерінің қолына түсті.
Қытай кеденшілерінің ақпаратынша, ҚХР қара нарығындағы бір келі аю табанының құны 8 мың юаньға (шамамен $1,3 мың) жетуі мүмкін.
Бұл елде жабайы аңдарды қорғау туралы заңнама бойынша табандарды сатуға тыйым салынған.